русский язык
Хоккей

Тоқта, «Локо»!

Тоқта, «Локо»!

Елордалық «Барыс» ХК Ярославль қаласының «Локомотив» командасын ұтты.

Бірінші период тең дәрежеде өтті – алдымен «теміржолшылар» гол соқса, артынша айдын иелері алға шықты. Кейін есеп теңесіп қос команда үзіліске тарады.

Екінші жиырма минуттықта Александр Черников әдемі соққымен шайбаны Ари Ахонен қақпасының «тоғыздығына» тоғытты.

 «Барыс» 57-і минутқа дейін қалып келді. Константин Руденко мен Найджел Доус ойын арнасын бүлдем басқа жаққа бұрды. Қонақтар сасқаннан қақпашы орнына алаңға алтыншы ойыншыны шығарды. Осы сәтті ұтымды пайдаланған Максим Спиридонов есепті  5:3-ке жеткізді.

«Барыс» (Астана) – «Локомотив» (Ярославль) 5:3 (2:2, 0:1, 3:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;