Күрес

Қазақстан құрамасы «Еуразия барысында» топ жарды

Қазақстан құрамасы «Еуразия барысында» топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде Қазақстанның бірінші құрамасы топ жарды.

Жартылай финалда бірінші құрамамыз Моңғолия балуандарын әрең ұтқан. Ал екінші құрама Өзбекстан балуандарын 6:2 есебімен ұтып финалға жолдама алған.

Ақтық финалда Қазақстанның бірінші құрамасы екінші құраманы жеңіп, «Еуразия барысында» топ жарды.

Қазақстанның бірінші құрамасының сапында Дауылбай Оспан (55 келіге дейін), Қуаныш Ысқақов (60 келіге дейін), Бақдәулет Сәбитов (66 келіге дейін), Айдос Ғалымов (74 келіге дейін), Ерсұлтан Мұзаппаров (82 келіге дейін), Бекзат Ахметбеков (90 келіге дейін), Асыл Барменов (100 келіге дейін) және Әйбек Нұғымаров (100 келіден жоғары) белдесті.

Ал екінші құрамда Дәулет Ниетбай (55 келіге дейін), Ержан Мағауинов (60 келіге дейін), Касымхан Түленбай (66 келіге дейін), Аманкелді Төлемісов (74 келіге дейін), Сахан Абдықасым (82 келіге дейін), Саят Шәмшиев (90 келіге дейін), Арслан Абдамит (100 келіден жоғары) және Руслан Абдразақов (100 келіден жоғары) өнер көрсетті.

Үшінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырды. Өзбек балуандары қола үшін күресте Жапония балуандарынан 6:2 есебімен басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, аталған додада Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан балуандары өзара командалық сында бақ сынап жатыр. Қазақ балуандары жарысты ұйымдастырушы ел ретінде екі құраммен өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер