Футбол

Стоилов: Еуропалық бірнеше ұжыммен келіссөз жүргізіп жатырмын

Стоилов: Еуропалық бірнеше ұжыммен келіссөз жүргізіп жатырмын
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стоилов ресейлік «Ростов» командасының тарапынан қызығушылықты жоққа шығарып, сондай-ақ еуропалық бірнеше клубпен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Күні кеше ресейлік БАҚ өкілдері болгариялық маман «Ростов» командасын баптауы мүмкін екенін жарыса жазған болатын.

- «Ростовтың» тарапынан қызығушылық туралы алғаш рет естуім. Әзірге еуропалық бірнеше командалармен келіссөздер жүргізіп жатырмын. Алайда «Ростов» клубының тарапынан қызығушылықтың жалған екенін айта аламын, - сказал Стоилов ТАСС агенттігіне.

Айта кетейік, Стойловтың «Астана» клубымен келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Соңғы сұқбатында болгариялық маманның өз жұмыс орнын ауыстыратыны туралы да айтып қалды.

50 жастағы маман «Астана» клубының тізгінін 2014 жылдың маусым айынан бастап ұстап келеді. Оның бастамасымен елордалық клуб қатарынан төрт рет ел чемпионы атанса, бір рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне, екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне және биыл қазақ клубтары арасында бірінші болып Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

Енді біздің команда 1/16 финалда лиссабондық «Спортинг» клубымен кездеседі. Бірінші ойын 15 ақпан күні Астана қаласында өтсе, екінші кездесу 22 ақпан күні Лиссабонда өтеді.

Түпнұсқасы: tass.ru Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер