Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика федерациясына сертификат табысталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңартылған сертификаты табысталды.

Сертификатты салтанатты түрде Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов табыстады. Федерация атынан бірінші вице-президент Эльдар Табанов қатысты.

Бұл сертификатты алу үшін комитет жеңіл атлетика федерациясынан келесідей құжатты талап еткен болатын:

– ұзақ мерзімді спорттық қызмет;
– Олимпиадалық хартия мен халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қаумдастығының нормалары мен ережелерін қатаң ұстау;
– ВАДА және допингке қарсы кодекстің шарттарын орындау;
– Спортттық арбитраждық соттың нормалары мен ережелерін мойындау және т.б.

Федерация өкілдері Ұлттық Олимпиада комитетінің Атқару кеңесінің отырысында арнайы баяндама жасап, аталған құжаттарды көрсетті. Енді ҚР жеңіл атлетика федерациясы жазғы олимпиадалық спорт түрін ұсынуды заңды түрде жалғастырады. Елімізде жеңіл атлетика спортын дамытумен нақты әрі ұзақ уақытқа айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» Заңына сәйкес ҚР ҰОК-тың жаңартылған сертификаты бар федерация ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде салалық тіркеуден өтеді. Бұл федерацияға Қазақстан Республикасының территориясында осы спорт түрін заңды түрде дамытуға ресми құқық береді.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер