Футзал

«Қайрат» - Қазақстан кубогының иегері

«Қайрат» - Қазақстан кубогының иегері
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан кубогының финалында алматылық «Қайрат» пен рудныйлық «Аят» кездесті.

Қос команда Қазақстан кубогы аясында ойнаған болатын. Ол кезде Какаудың командасы рудныйлық ұжымды 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Есесіне жартылай финалда Ақтөбе Қайратты жеңіп кетуге жақын болған. Алматылық команда тек овертаймда ғана кездесуді өз пайдасын аяқтады - 2:1. «Аят» болса 1/2 финалда талдықорғандық «Жетісуді» жеңді - 5:1.

Финалда ел чемпионы қарсылас команданың қақпасына төрт жауапсыз гол соқты. Матчтың небәрі бірінші минутында Тайнан таблода есеп ашты. Араға жеті минут салып Тайеби есепті еселеді. Үзілістен кейін Дрот пен Алешандре есепті іріге жеткізді - 4:0.

Осылайша, «Қайрат» өз тарихында 14 рет Қазақстан кубогының иегері атанды. Ал жарыстың қола жүлдесіне «Ақтөбе» командасы ие болды.

Қазақстан кубогы – 2017. Финал

«Қайрат» - «Аят» 4:0

Голдар: Тайнан 1, Тайеби 8, Дрот 26, Алешандре 34

15 желтоқсан, Рудный, «Аят» СК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер