Футбол деген бір ғажап!
Басқа

Әлемдегі табысы ең көп 25 спортшы белгілі болды

Әлемдегі табысы ең көп 25 спортшы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Жақында форбс сайтының спортқа жауапты бөлімінде әлемдегі табысы мол 25 спортшының есімі жарияланды. Оның үшеуі футболшылар.

Бұл тізім спортшылардың спорттық ғұмырында тапқан жалпы табысы негізінде жасалған. Олардың қатарына енген ең бай футболшы – Дэвит Бекхэм. Англиялық супер жұлдыз аладоп қуа жүріп 800 миллион доллар табыс тапқан көрінеді. Ол осы табысымен бай спортшылар тізімінде жетінші орыннан көрінді.

Ал футбол әлемінің қазіргі қос мықтысы Роналду мен Месси жеке-жеке, 12-інші және 16-ыншы орындарды иеленіп тұр. Криштиану бүгінге дейін 725 миллион табыс тапса, Лео 600 миллион көлемінде пайда алған екен.

Көш басында аты аңызға айналған баскетболшы – Майкл Джордан орналасқан. Оның жалпы табысы 1,85 миллиард АҚШ долларын құраған екен. Келесі миллиардер спортшы – атақты гольф доп шебері Тайгер Вудс. Оның 1,7 миллиард қаржысы екінші орынды ешкімге бермеуіне мүмкіндік сыйлап отыр. Бір қызығы үшінші, төртінші орынды да гольф шеберлері иеленіп тұрғаны болды. Олар, Арнольд Палмер мен Джек Никлаус. Ал бесінші орында әйгілі формула-1 шебері Михаэл Шумахер тұр.

фото: bombardir.ru сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер