русский язык
Бокс

«Астана Арландары» дайындықты бастады

«Астана Арландары» дайындықты бастады
«Астана Арландары» алдағы маусымға тыңдылықты жаттығу дайындақтарын Болгарияда өткізуде. 
 
«Мексика мен Куба секілді шалғай елдердің географиялық орындарын ескерте отырып, боксшылырды Болгарияда дайындауды ұйғардық» - дейді «Астана Арландардың» бас директоры Болат Манкенов.
 
Бұған дейін Украинада дайындық жүргізген спортшылардың қатарына Руслан Мадиев пен Бақытжан Қожабеков қосылды. Былтырғы маусымда өнер көрсеткен легионер боксшылардың бесуі ғана командада қалды. Олар: Сергей Деревянченко (Украина), Эхсан Рузбахани (Иран), Хрвое Сеп (Хорватия), Филипп Хргович (Хорватия), Михай Нистор (Румыния).
 
Болгарияға аттанған спортшылардың тізімі: капитан Самат Башенов (60 келі), Мирас Жақыпов (52 келі), Меирболат Тоитов (56 келі), Бағдад Әлімбеков (56 келі), Руслан Мырсатаев (+91 келі), Данабек Сұжанов (81 келі), Хамзат Гелисханов (91 келі), Роман Щегринов (60 келі),  Азат Камзин (49 келі), Мардан Берікбаев (49 келі), Анвар Мұзапаров (49 келі), Айдын Ельжанов (52 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі), Дидар Утельбаев (56 келі), Жандос Ахметов (56 келі), Мади Шолақов (60 келі), Жандос Момынов (60 келі), Алматбек Ағыбаев (64 келі), Асхат Уәлиханов (64 келі), Мейірім Нұрсұлтанов (69 келі), Мадияр Ашкеев (69 келі), Сүлейман Бердукаев (69 келі), Бобиржан Моминов (75 кг), Арман Рысбек (81 келі), Василий Левит (91 келі), Арбек Абдуганиев (91 келі).
 
Мирас Баирханов пен Ержан Мұсафиров жарақаттарына байланысты бір жылдық мерзімге демалыс алған болатын. «Қос боксшыға демалыс қажет, - дейді Болат Тоқтарұлы. - Кезіндегі Бағдад Әлімбеков секілді бір жылдаң соң жаңа серпеліспен шаршы алаңына қайта оралады».
 
Бапкерлер сапында да өзгерістер байқалды, атақты жаттықтырушыларымыз Болат Жұмаділов, Нұрлан Ақүрпеков және Владимир Ким секілді бапкерлер «Арландар» қатарына қосылды.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;