Ұлттық спорт

Ұлттық спорт түрлерін дамыту жөнінде федерациялармен кездесу өтті

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласына сәйкес ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және дамыту жөнінде үкіметтік емес ұйымдар және федерациялармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ұлттық спорт түрлерін насихаттау, азаматтық-патриоттық тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатыны туралы айтылды. Осыған сәйкес аталған спорт түрлерін дамытудағы проблемалар, әсіресе өңірлерде, оларды шешу жолдары айқындалды. Ұлттық спортты ұлықтау жолында жасалатын ауқымды шаралар анықталды.

Түпнұсқасы: mks.gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер