Қысқы

Олимпиада ойындарына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Қазақстаннан үш спортшы қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Қазақстаннан үш спортшы қатысады.

Осыған дейін спорттық додалардың төресі саналатын Олимпиада ойындарына спорттың бұл түрінен Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева жолдама жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Элизабет Тұрсынбаеваның әлем чемпионатындағы көрсеткішінің нәтижесінде Қазақстан тағы бір лицензияға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Енді осы үшінші жолдамаға кім иелік ететіні желтоқсан айының соңында ел біріншілігінде 25 желтоқсанда белгілі болады. Бүгінгі күні үшінші лицензия үшін техникалық минимумді жинаған Айза Имамбек болды. Олимпиадаға үміткер ретінде, сондай-ақ, Жансая Әдіханова саналады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер