Футзал

Төрттік финалдың өтетін жері белгілі болды

Төрттік финалдың өтетін жері белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан клубтар арасындағы ең мәртебелі турнир биыл Сарагостада өтетін болды.

«Барселона», «Интер», «Спортинг» және «Дьер» командаларының қатысуымен өтетін Төрттік финалы Pabellon Principe Felipe аренасында өтеді.

Төрттік финалының өтетін мерзімі - алдағы жылдың сәуір айы.

Финалдық кездесулерді қабылдайтын Pabellon Principe Felipe аренасы 10 700 адам сыйдыра алады.

Финалдық ойынның өтетін жерін УЕФА-ның атқарушы комитеті анықтады.

Төрттік финалдың жеребесі өтетін күн әзірге белгісіз.

Футзалдан УЕФА-ның финалдық кездесулері алғаш рет 2007-жылы өткізілді. Содан бері Испания елі бұл мәртебелі турнирдің финалдық кездесуін төртінші рет өткізейін деп отыр.

Финалдық кездесулерді әр жылдары мына қалалар қабылдады:Мурсия (2007), Мәскеу (2008), Екатеринбург (2009), Лиссабон (2010 және 2015), Алматы (2011 және 2017), Льейда (2012), Тбилиси (2013), Баку (2014) және Гвадалахар (2016).

Естеріңізге салсақ, алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА Кубогының Элиталы кезеңінде испандық «Интерге» есе жіберіп, Төрттік финалына шыға алмай қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер