Мирослав Беранек: «Ибрагимович – әлемдегі үздік ойыншылардың бірі»
![Мирослав Беранек: «Ибрагимович – әлемдегі үздік ойыншылардың бірі»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1378794096_56601807.jpg?v=28696348)
Қазақстан-Швеция кездесуі алдында баспасөз-маслихаты өтіп бас бапкер Мирослав Беранек сондай-ақ қақпашы Андрей Сидельников пен Нұрбол Жұмасқалиев журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Беранек бірден сөз алып ойыншыларының халдері жайлы баяндап берді:
- Юрий Логвиненко мен Танат Нөсербаевт жарақат алып қалды, Самат Отарбаетың да арқасы аурып тұр. Құрамаға Захар Коробовтан басқа ешкімді шақырмадық.
Нұрбол Жұмасқалиев:
- Команда алдағы ойынға тыңғылықты дайындалуда. Фарермен өткен матч артта қалды, кешегі жеңісті ұмытуымыз керек.
Андрей Сидельников:
- Бірде бір гол жібермеуге тырысамын. Қазір қарсыластың ойынын саралап жатырмыз.
- Мирослав, Швеция бізге қарсы матчта ойынның қай стилін тайңдайды деп ойлайсыз?
- Соңғы сегіз ойында шведтер басымдыққа ие боп алғашқы 60 минут бойы үздіксіз шабуылдайтынын байқадым. Ибрагимович – әлемдегі үздік ойыншылардың бірі. Бүгін қолынан ештеңе шықпаса қуанамын әрине.
Нурбол, Марат Хайруллинмен араларыңызда бақталастық бар дейді, сол рас па?
- Жоқ, қарым-қатынастарымыз түзу, ең бастысы – әрқайсысымыз да құрамаға пайда әкелуіміз керек.