Басқа

ШҚО спортшылары Қазақстан Кубогінде жүлдегер атанды

ШҚО спортшылары Қазақстан Кубогінде жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Желтоқсанның 10-14 аралығында Алматыда батутта және акробатикалық жолда секіруден Қазақстан Кубогі өтті. Аталмыш жарыста шығысқазақстандық спортшылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жазғы спорт түрлері бойынша облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің» және «ШҚО ойын түрлері бойынша кешенді-мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервті спорт мектебі»-нің тәрбиеленушілері болып табылады.

Анжела Вислобокова әйелдер арасында акробатикалық жолда секіруден 1 орынды жеңіп алды. Әйелдер арасында Ксения Голышак жекелей сында батутта секіруден жүлделі 2 орын иеленсе, Евгения Степанишина үздік үштікті қорытындылады. Ерлер арасында жекелей сында батутта секіруден Игорь Грачев тұғырдың 2-ші сатысына жайғасса, Роман Барков 3-ші орынға қол созды. Ал әйелдер арасында бірлесе батутта секіруден Евгения Степанишина мен Ксения Голышак 1 орын иеленді. Сондай-ақ, бірлесе батутта секіруден Игорь Грачев жүлделі 3 орынды қорытындылады.

Спортшылар төмендегі бапкерлер қарамағында жаттығады: Булучевский Фёдор Дмитриевич, Яковлев Игорь Валерьевич, Калинцева Виолетта Джековна.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер