Ұлттық спорт

«Еуразия Барысын» отандық және ресейлік арналар көрсетеді

news-banner7
mobile-news-top

16 желтоқсан күні «Almaty Arena» спорт кешенінде қазақ күресінен «Еуразия Барысы» әлем Кубогы өтеді.

Бұған дейін айтқанымыздай, биыл дүбірлі додаға Бразилия, Жапония және Камерун елдері тұңғыш рет қатысады. Ал, бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан табылған Моңғолия мен Грузия командалары қазақ күресінен тәжірибелері мол. Сонымен қатар, жарысқа Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның қос командасы бақ сынайды.

«Еуразия Барысы» әлем кубогы Қазақстан аймағында «Qazaqstan» және «Qazsport», Түркияның «TRT Avaz» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, Ресейдің «Бокс ТВ» және «Матч! Планета» телеарналарының эфирінен де қайталанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер