Германиялық БАҚ: «Штутгарт» Твумасиді сатып алуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Германиялық Blasting News журналының интернет нұсқасында трансфер жаңалықтарына арналған мақала шықты. Мұнда Патрик Твумасидің «Штутгартқа» ауысу мүмкіндігі де жазылған.

«Штутгарт Патрик Твумасиге қызығушылық танытып отыр. Осы маусымда оң қанаттағы ойыншы Қазақстан чемпионатының 30 матчында 13 гол соғып, алты нәтижелі пас берді. 23 жастағы ганалық вингердің «Астанамен» келісім-шарты 2019 жылға дейін жасалған. Бірақ «Штутгарт» оның қазіргі келісім-шартын сатып алуы мүмкін», - деп жазылған мақалада.

Айта кетейік, Твумасидің трансферлік құны 2 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер