Бокс/Күрес/ММА

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Америкада өткізуді жоспарлап отыр. Қазақ жігіті кәсіби рингтегі 26-кездесуге дайындықты бастау үшін желтоқсанның аяғында мұхиттың арғы бетіне аттанады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бұған дейін әлемдік бокс қауымдастығы Қанат Ислам мен америкалық Джон Вера 21 желтоқсанға дейін өзара кездесу уақытын шешуі керек деп мәлімдеген еді. Сосын қай жеңгені бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алады. Алматы мен Астанада бокс кешін ұйымдастырып, табысқа кенелген Ислам командасы 2018 жылы Қазақстанда тағы бір жарыс өткізеді. Елорданың 20 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кеші мамыр айында өтуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер