Велоспорт

«Тур де Франстың» төрт мәрте жеңімпазы допинг қолданды деп айыпталуда

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық велошабандоздар одағы (UCI) британдық Крис Фрумға 2017 жылы «Вуэльтадағы» көпкүндікте тапсырған допинг-сынамада сальбутамол заттарының антидопингтік нормадан асып кеткені туралы ескертті.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат мәлім етті. Допинг-сынама 2017 жылдың 7 қыркүйегінде Фрум велокөпкүндікте жеңіске жеткен күні алынған еді.

«Б» сынамасы да оң нәтиже берді. Фрум «Тур де Франстың» (2013, 2015, 2016, 2017) төрт мәрте жеңімпазы болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер