русский язык
Бокс

Бокстан жастар арасындағы ӘЧ басталды

Бокстан жастар арасындағы ӘЧ басталды
Кеше, 8-ші қыркүйек күні, Киевте 15-16 жастағы өспірімдер арасында бокстан әлем чемпионаты басталды. Байақты бәсекенің алғашқы күнінде үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. 
 
Өкінішке қарай, екі жерлесіміз алғашқы жекпек-жектерінде жеңіліс тапты. 46 келідегі Әлімжан Бескемпір  американдық қарсыласы Джордан Уайтқа жол берсе, 75 келі салмақ дәрежесіндегі Жұмагелді Раев даниялық боксшы Шон Ларсеннен ұтылды.  
 
Артынша Сабыржан Абилов бірінші кезеңде Бутан мемлекетінің спортшысы Кинлиді жеңіп келесі кезеңге аттады.
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;