Қысқы

Қысқы Олимпиада кезінде 25 жылда болмаған аяз соғады

news-banner7
mobile-news-top
Ақпанның 9-25 аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында күн қатты суық болады деп отыр синоптикер.

Мамандардың айтуынша, бұл ширек ғасырдағы ең суық мезгіл болғалы тұр. Олимпиаданың ашылу рәсімі басталғанда ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендейді. Спортшылар салтанаты шара кезінде 5 сағат далада тұруға мәжбүр болады.

«Спортшыларды қосымша құралдармен жылытуға тырысамыз, алайда мәселені толықтай шешу мүмкін емес. Стадионның үстіне шатыр орнатуға уақыт жетпейді», - деді Олимпиада комитетінің мүшесі Сим Ки Джун.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер