русский язык
Хоккей

Дәл «ондыққа»!

Дәл «ондыққа»!

Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті.


Елордалық команда череповецтің «Северсталь» клубын қабылдаған. Астана төрінде өткен матч 10:1 (1:0, 6:1, 3:0 ) есебімен аяқталды.


10-й минутта "Барыстың" шабуылшысы Дастин Бойд есепті ашты. Екінші кезең басталысымен Брэндон Боченски есепті еселеді. Қарсылас команда өкілі Теему Лааксо бір голмен жауап қайтарды.Бұған бұлқынған жерлестеріміз артынша 5 шайба соқты. Федор Полищук, Михаил Рахманов, Найджел Доус пен Дмитрий Уппер аттарына бір шайбадан жазды. Боченски дубль авторы атанды.

Отандастарымыз мұнымен тоқтала қоймады. 44-ші минутта Роман Старченко есепті 8:1-ге жеткізді. Оны қостаған Константин Руденко тағы бір гол соқты. Соңғы минутта Найджел Доус дубль жасап «Северстальдің» үмітін жермен жексен етті.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;