Ненад Эрич: Біз үшін жанкүйерлерге үлкен футбол мерекесін сыйлау маңызды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Қазақстандағы футбол маусымының шымылдығын 15 ақпан күні Еуропа Лигасының 1/16 финалы аясындағы кездесумен ашады.

Кеше, «Астана» ойыншылары өз қарсыластарын білді. Жеребе қорытындысы бойынша елордалық команда Португалияның ең танымал клубтарының бірі «Спортингке» қарсы ойнайды.
Лиссабондықтарға қарсы кездесу туралы елордалық команда капитаны Ненад Эрич клубымыздың баспасөз қызметіне өз пікірімен бөліскен еді:
- «Спортинг» - өте жоғары деңгейдегі команда. Сондықтан, осы ұжымға қарсы бізді екі өте қиын кездесу күтіп тұр. Португалдықтар осы жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Ювенту» және «Барселона» сияқты командалармен бір топта өнер көрсетіп, Греция чемпионы «Олимпиакосты» артқа тастап, топтағы үшінші орынға қол жеткізді.
- Команда осы ойын алдында енді ғана үзілістен оралса, «Спортинг» нағыз спорттық бабында болады. Осы жағдай қорытынды нәтижеге әсер етуі мүмкін бе?
- Біз маусымға және дәл осы ойынға оқу-жаттығу жиындарында арнайы дайындалатын боламыз. Сол себепті, ақпан айындағы португалдықтарға қарсы кездесу бізге жеңілірек болады деген сенімдемін. Алайда, біз үшін бірінші кезекте жанкүйерлерге үлкен футбол мерекесін сыйлау маңызды. «Спортингке» қарсы кездеслердің қиын болары анық. Дегенмен, біздің мүмкіндігіміз де жоқ емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер