Қысқы

Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіруден әлем кубогының төртінші кезеңі аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Американың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Осы кубокпен Олимпиада ойындарына лицензия тарату аяқталды. Ресми хабарлама бір апта көлемінде жария болады, десе де, қазірдің өзінде қазақстандықтар 9-11 лицензия алғанын айтуға болады. Ұлттық құрама халықаралық маусымның шешуші кезеңінде нәтижені едәуір жақсартып, тағы да қосымша жолдаманы қоржынға салды. Америкада Екатерина Айдова «Б» тобында 1000 және 500 метрге жүгіруде екі күміс медаль иеленді. Ал Роман Креч «Б» тобында 500 метрлік дистанцияда алтыншы келгенімен, Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алып отыр. Әлем кубогындағы ең үлкен және ешкім күтпеген нәтижені Федор Мезенцев алып келді. Алматылық спортшы 3 бірдей қашықтықта (500, 1000 және 1500 метр) бағын сынады. Ол әр бағытта 2013 жылдан бері жаңармаған рекордты орнатты. Маусымның басында Мезенцевті ешкім фавориттер қатарына қоспаған еді. Әйтсе де, ол жалғыз өзі Олимпиаданың бірден 3 лицензиясына қол жеткізді. Көрсеткіштер көз қуантады, алайда арқаны кеңге салатын кез әлі туған жоқ. Жоғары жетістіктерге жету үшін біздің спортшыларға талмай еңбектену керек. Қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9-25 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтеді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер