Ауыр атлетика

Илья Ильин: Токио Олимпиадасы туралы қазір ештеңе айта алмаймын

Илья Ильин: Токио Олимпиадасы туралы қазір ештеңе айта алмаймын
news-banner7
mobile-news-top

Илья Ильиннің 2020 жылы өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына баруы-бармауы әзірге белгісіз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген спортшының өзі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бір жыл бұрын үлкен спортта маған қатысты мәселе туындаған еді. Уақыт өтті. Бәрі аяқталған соң спортқа оралуға уәде берген едім. Сол үшін есеп беріп отырмын. Екіншіден, ең алдымен қолдау білдірген халыққа алғыс білдіргім келеді. Жағдайға қарамастан, әлі де халықтың арқасында қиындықтарды еңсеріп келемін. Көшеде көргендердің бірауыздан «мықты бол» дегені мені рухтандырады», - дейді Илья Ильин.

Илья Ильин ҚР Ауыр атлетика федерациясы тарапынан барлық әрекет жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар ол Токио Олимпиадасына қатысу туралы сұраққа жауап берді.

«Мен қазір ештеңе айта алмаймын. Себебі, екі күн ғана өтті. Біріншіден, мен әлі 29 жастамын. Ірі жарысқа қатысуға барлық жағдайым бар. Шамам барда кету дұрыс болмас еді. Помостта әлі де күш-қуатымды көрсеткім келеді. Біздің спорттық басқармамен сөйлесу керек. Әлбетте, менің ағзамның саулығын, ірі жарысқа сай келетінін толық тексеруіміз керек. Осыған дейін әрине, спорттан қол үзген жоқпын. Бірақ 1,5 жыл бойы денеге салмақ түсірмедім. Яғни, спорттық жағдайда болмадым. Сондықтан, дәрігерлер «ағзаң сай келеді, жүрек шыдайды» десе, 95 пайызға Олимпиада бару туралы шешім қабылдаймын», - дейді Илья Ильин.

Еске сала кетсек, Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжіңдегі және Лондондағы алтын медальдарын айыру туралы шешім шығарған болатын. ХОК-тың тәртіп комиссиясының шешіміне сәйкес «А» және «В» допинг сынамасының қорытындысы бойынша екі жазғы Олимпиада ойындарында чемпион атанған қазақстандық спортшы Илья Ильиннің бұған дейінгі көрсеткіштері жойылған еді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер