Велоспорт

«Астана» велокомандасы жаңа құрамын таныстырды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасы жаңа құрамын таныстырды 2017 жылғы 10 желтоқсан 02:15 313 Поделиться: АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Астана» кәсіби велокомандасының жаңа құрамын таныстыруға арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттік клуб командаларының жеңісі арқасында елімізді бүкіл әлем біледі. «Астана» командасын тамаша жетістіктерімен құттықтаймын. Александр Винокуровтың айтуынша, осы жолғы велоспорт жұлдыздарының 30 пайыздан астамы елордалық клубтың сапында бір кездері өнер көрсеткен немесе қазірде өнер көрсететін велошабандоздардан жасақталған. «Астана» командасына жаңа жеңістер тілеймін», - деді салтанатты шарада сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен алдағы спорттық маусымда кәсіби велокоманданың сапында 30 спортшы өнер көрсетеді. Олардың қатарында Магнус Корт (Дания), Омар Фраиле (Испания), Евгений Гидич (Қазақстан), Ян Хирт (Чехия), Уго Уле (Канада) және Давиде Виллелья (Италия) сынды 6 спортшы команда қатарына қайтадан қосылып отыр. Жалпы жаңа құрамдағы 10 спортшы қазақстандық екендігін атап өткен жөн.

Ресми шара барысында «Астана» президенттік клубы өзінің спорттық жобаларына ребрендинг жасағандығын және клубтың түбегейлі идеологиясын өзгерткендігін жария етті. Ендігі уақытта елордалық клубтың спорттық жобалары «Астана» деген жазуы бар бір атаумен және бірыңғай логотиппен өнер көрсететін болады. Сондай-ақ спортшылардың киімдері де бір дизайнмен, бір түспен тігіледі. Клубтың өткен маусымдағы қорытындысын шығарып, алдағы жылдағы негізгі мақсатын жария еткен команданың бас менеджері Александр Винокуров та осы жылы әлемдік турларда да, гранд-турларда да зор жетістіктер болғанын атап өтті.

«Әсіресе, қазақстандық велошабандоздардың жетістіктері қуантады. Бүгінгі тұсаукесерде біз командамыз үшін жаңа маусымды ресми түрде ашамыз. Жаңа жылда жаңарған командамен өнер көрсететін боламыз. Онда тек қана гранд-турларға ғана емес, апталық және классикалық жарыстарға да баса назар аударатын боламыз», - деді ол.

Айта кетерлігі, 2017 жылы «Астана» кәсіби велокомандасы әлемдік велоспорттың күнтізбесіндегі жарыстардың 20-сында жеңіске жетіп, 25 мәрте жүлделі орындардан көрінді. Жалпы осы уақытқа дейін команда 286 рет жеңіске жеткен.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер