русский язык

Данияр Мұқанов «Ертіспен» келісімшартын ұзартты

Данияр Жексенұлы Мұқанов «Ертістің» бапкерлер штабында өз жұмысын жалғастырады. 41 жастағы маман келісімшартын 2018 жылдың соңына дейін ұзартты.

Еске салайық, павлодарлық ұжымның бапкерлер штабы биылғы жылдың маусымында Данияр Жексенұлымен толықты. Оған дейін ол «Мақтааралда» Қуаныш Қарақұловтың көмекшісі болған.

Мұқанов семейлік футбол мектебінің түлегі. Мансаптық жолында «Елімай», «Восток», «Тобыл» , «Атырау» мен «Жетісу» сапында өнерт көрсетті. Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 12 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Түпнұсқасы: «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;