Велоспорт

«Астана» велошабандоздары жанкүйерлерімен жолықты

news-banner7
mobile-news-top

Елордада «Астана» велошабандоздары жанкүйерлерімен кездесті. Бұл шара жаңа маусымдағы велокоманда құрамын таныстыру мақсатында өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгін велошабандоздар мен клуб басшылығы елордада команданың алдағы спорт маусымына шығатын құрамын таныстыру үшін жиналды. Бірінші кезекте велошабандоздар «MegaSilkWay» сауда және ойын-сауық орталығында жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Жанкүйерлер арасында «Астана» спортшыларымен бірге конкурс ұйымдастырылды. Он ең белсенді жанкүйер екі топқа бөлінсе, велошабандоздар жеребе арқылы таңдалды. Олар – Дмитрий Груздев, Артем Захаров, Лоуренс Де Вриз, Мигель Анхель Лопес, Луис Леон Санчес, Андрей Зейц, Мишель Вальгрен, Давиде Виллелла, Алексей Луценко және Якоб Фульсанг. Олар да жанкүйерлермен бірге топқа бөлініп, байқауға қатысты.

Алғашқы жарыста бір топтан кәсіби спортшы, екіншісінен жанкүйер шығып, 30 секунд ішінде велосипед дөңгелегін айналдырудан сынға түсті. Екінші жарыс – 30 секунд ішінде велосипед үстінде тепе-теңдікті сақтап тұру. Екі жарыстың қорытындысы бойынша құрамында Груздев, Захаров, Де Вриз, Лопес, Санчес пен бес жанкүйер бар команда жеңіске жетті. Жеңімпаз жанкүйерлер велошабандоздармен бірге түскі ас ішу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге спорт мектебінің оқушылары да велокоманда спортшыларымен бірге түстенді.

Бүгін «Астана» кәсіпқой велокомандасының үшінші жыл қатарынан жаңа құрамының таныстырылымы өтеді. Дәстүр бойынша бұл шараны «Еуроспорт» телеарнасының «алтын даусы» Сергей Курдюков жүргізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер