Баскетбол

«Астана» баскетбол клубына америкалық қорғаушы қосылды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубының құрамына 29 жастағы америкалық баскетболшы, қорғаушы Малкольм Грант қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Малкольм Грант Бруклинде дүниеге келген, баскетболмен мектепте айналыса бастаған, кейін Флориданың үздік университеттерінің бірі - баскетбол командасы дүркіреп тұрған «Майами Университетіне» түсіп, спортшы сол команда құрамында өнер көрсетті.

Грант кәсіпқой карьерасын 2012 жылы бастаған. Спортшының алғашқы клубы Кипрдегі «APOEL» болды. Кейін ол Аустралияға көшіп барып, «Wollongong Hawks» командасының атынан шыға бастады. 2014 жылы баскетболшы Канададағы «HalifaxRainmen» құрамына қосылса, шамалы уақыттан кейін «LF Basket Norrbotten» деген швед клубына ауысқан. 2015 - 2016 жылғы маусым аралығына «Mississauga Power» (Канада) және «IslandStorm» (Исландия) командаларының атынан өнер көрсеткен.

Өткен маусымда баскетболшы словениялық «Tajfun» құрамында 36 ойын өткізіп, орташа есеппен 11,4 ұпай жинап отырған. Ал осы маусымда Малкольм Грант литвалық «Nevėžis» командасының атынан өнер көрсетіп, Литва чемпионатында 10 ойын өткізді, әрбір ойында орташа есеппен 14 ұпайдан жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер