Қысқы

Вице-министр ресейлік депутатқа: Қазақстандық спортшылар – «таза»

Вице-министр ресейлік депутатқа: Қазақстандық спортшылар – «таза»
news-banner7
mobile-news-top

ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков ресейлік депутаттың Қазақстанды Олимпиада ойындарынан бас тартуға шақыру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

«Халықаралық Олимпиада комитеті таза спортшылардың баратынын айтып отыр. Өзімнің командам жайлы, қазіргі уақытта дайындалып, жарыстарға қатысып, қалған лицензиялар үшін тырысып жатқан спортшыларымыз жайлы айтатын болсам - олардың барлығы «таза» спортшылар», - деді Сәкен Мұсайбеков.

«Олар ешқашан допинг қолданып көрмеген спортшылар. Оларда допингке нөлдік төзімділік. Сондықтан таза спортшылар Олимпиадаға қатыса алады, біз қатысамыз, дайындалып жатырмыз», - деді мәдениет және спорт министрінің орынбасары.

Еске сала кетейік, осыған дейін ресейлік депутат Виталий Милонов Қазақстанды Олимпиада ойындарынан бас тартуға шақырған болатын. «Сіздерге ниеттестіктеріңізді білдіріп, Ресей құрамасы қатыса алмаса Олимпиада ойындарынан бас тартуларыңызды сұраймын», - делінген еді Милоновтың үндеуінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер