Басқа

Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан Бразилияда өткен турнирде қола жүлдегер атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Дархан Нортаев Бразилияда өткен халықаралық джиу-джитсу турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Лада.кз.

Дархан Нортаев додаға 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесімен шықты. Спортшы үш айқасқа қатысып, финалда бразилиялық спортшыға жол берді. «Колумбиядағы чемпионаттан кейін қайта қалыпқа келуге уақыт аз болды. Сол да кедергі болды. Осы жеңісім үшін мен Руслан Әбдіреев, Альберт Алдияров, Эдуардо Вентура және өзімнің жеке бапкерім Болат Дүйсенбаевқа алғысымды білдіремін», - деді Д.Нортаев. Айта кетейік, Дархан Нортаев Колумбияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдемен марапатталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер