TasBet01
Футбол

«Манчестер Сити» мен «Наполидің» жеңісіне сенеміз

«Манчестер Сити» мен «Наполидің» жеңісіне сенеміз
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Чемпиондар лигасының плей офф кезеңіне шыққан барлық командалар белгілі болады. Үздіктер қатарына қазірдің өзінде 12 команда еніп қойды. Ендігі қалғаны солармен сынға түсетін тағы төрт команданы анықтау. Біз де бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, болжам жасап қаржымызды бірнеше есеге еселеуге тырысамыз...

«Шахтер» - «Манчестер Сити»

Бүгін өтетін кездесуге дейін ағылшындық команда топтан шығу мәселесін шешіп тастаған. Ал «Шахтерға» сол жетістікті қайталау үшін қалай да жеңілмеу керек. Тең ойын украиналық команданы плей офф кезеңіне алып шығады. Ал ұтылып қалған жағдайда «Наполимен» кездесетін «Фейеноордтың» тілеуін тілегеннен басқа амал қалмайды. «Манчестер Сити» биылғы чемпиондар лигасында жеңілісті айтпағанда бірде-бір рет тең ойын өткізген жоқ. Бүгінгі күнге дейінгі бес ойында бес жеңіске қол жеткізген ағылшындық команда бүгін де жеңіске жетуді теріс көрмейді. Қосалқы құрам ойыншыларын шағарғанның өзінде бір немесе екі гол соғуға қауқарлы. Сондықтан бұл ойынға біздің болжам жеке тотол «Манчестер Сити» 1,5 көп болмақ. Букмекерлік кеңселер бұл болжамымызға 2.25 коэфицент беріпті.

«Лейпциг» - «Бешикташ»

Стамбулдық команда топтық кезеңде әлі жеңілген жоқ. Бүгінге дейінгі бес ойынның барлығында алаңнан голсыз кеткен күні жоқ. Ал «Лейпциг» болса өз үйінде керемет ойын өткізіп жүргенімен, қонаққа барғанда кежегесі кері тартып қалып жүр. Бүгінгі ойын біздің ойымызша голға бай болмақ. 2 коэфицент берген екеуі де гол соғады деген болжам бізге ұнап тұр.

«Фейеноорд» - «Наполи»

Италияндық команда үшін топтан шығу үшін «Фейеноордты» жеңіп қана қоймай «Шахтердың» ұтылғанын тілейді. Голландиялық команда елдің бәріне үш ұпай бергіш. Бүгін де солай болатын шығар. «Наполидің» -1,5 форамен жеңісі 2.08 коэфиценті біз үшін сыйлық болмақ.

«Тоттенхэм» - АПОЭЛ

Бұл кездесуге жалпы тотол 2,5 көп деген болжам бар. 1.63 коэфицент.

«Ливерпуль» - «Спартак»

Ойынға болжам жасауға жүрек дауаламайды. Ағылшындық команда жеңіске жетуі тиіс. Алайда 1.22 коэфиенті бізге аздық қылуда. Сондықтан бұл кездесуде бұрыштамаларды алуды жөн санадық. Нақтырақ айтқанда - Тотал (11.5) көп - 2.23 коэфицент.

Барлығын көбейтіп келіп жіберсеңіз 26,46 шыға келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер