Басқа

Олимпиадаға дейін спортшылар 7 000 допинг-тест тапсырды

news-banner7
mobile-news-top

Пхенчхандағы 2018 жылғы қысқы Олимпиаданың допинг-бақылау жүйесі барынша мұқият жүргізіледі, деп мәлімдеді Халықаралық Олимпиадалық комитеттің (ХОК) медициналық департаментінің басшысы Ричард Баджетт Лозаннада (Швейцария) өткен баспасөз брифингінде.

Баджеттің сөзіне қарағанда, ІТА допинг-тестілеу тәуелсіз ұйымы Рождество қарсаңында, қысқы Олимпиада алдында толық күшпен жұмысын бастайды. Осы орган спорт әлеміндегі допинг бақылаудың өзекті мәселелері бойынша көмектеседі. 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайындық кезеңінде спортшылар, соның ішінде қазақстандық атлеттер де бар, жалпы жеті мың тест тапсырып үлгерген.

«62 елдің төрт мың спортшысынан жалпы жеті мың тест алынды, бұл Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиаданың алдындағыдан 50%-ке көп деген сөз», - дейді Баджетт.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадалық қозғалыстың допингке жол бермеу ұстанымын толық қолдайды.

sport.inform.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер