Қысқы

Томас Бах: Ресейлік спортшыларға жарысқа қатысуға мүмкіндік беріледі

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Ресейдің шеттетілуіне байланысты былай деп айтты:

- Қабылданған қатаң шаралар барлық спортшылар үшін сабақ болады деген үміттеміз. Өйткені допинг даулары Олимпиада ойындарына деген күмәнді тудырады. Ресей құрамасына шектеу қойдық. Бірақ бұл байкот емес. Яғни өз мықтылығын дәлелдеймін деген ресейлік спортшыларға жарысқа қатысуға мүмкіндік бар. Ол үшін белгілі бір талаптарды орындауы керек. Соның негізгісі – бұрын-соңды допинг дауына ілікпеген адам болуы тиіс. Біздің ойымызша, осындай қатаң шаралардан кейін спортта әділдік орнап, олимпиада ережелеріне құрмет қалыптасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер