Қысқы

Ресейлік депутат Қазақстанға Олимпиадаға қатыспауды ұсынды

Ресейлік депутат Қазақстанға Олимпиадаға қатыспауды ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов Қазақстанға Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына қатыспау туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Милонов сондай-ақ BRICS елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы), Беларусь Республикасы мен Қырғызстан ұлттық олимпиада комитеттерінің басшылығына Ресейге деген құрметінің белгісі ретінде халықаралық жарысқа қатыспауды өтінді.

«Егер Ресей құрамасы Олимпиадаға қатысуға рұқсат алмаса, онда біздің елімізбен ниеттес екеніңізді көрсетіп, жарысқа қатысудан бас тартуыңызды сұраймын. Бұған дейін АҚШ және оның қолшоқпарлары біздің елдеріміздің әрқайсысына саяси қысым көрсетіп, экономикалық бопсалау жасады. Бүгін Сэм көкенің нысанасына Ресей түсіп тұр. Бірақ ертең сіздердің отаныңыз және ұлттық намысыңыз Батыстың экономикалық ілмегіне түспейтініне кім кепіл бола алады?» - деді депутат.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер