Бокс

GGG - Канело арасындағы екінші жекпе-жектің уақыты белгілі болды

GGG - Канело арасындағы екінші жекпе-жектің уақыты белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық Fox Deportes арнасының жүргізушісі Фернандо Шварцтың мәліметінше, Геннадий Головкин-Сауль Альварес арасындағы екінші кездесудің мерзімін боксшылар өзара келісіп қойды, деп хабарлайды отандық БАҚ.

Дереккөздің айтуынша, боксшылардың келесі кездесуі 2018 жылдың 5 мамыр күні Синко де Майо мерекесінде өтеді.

Головкиннің өкілдері келісімін беріп қойды, ал Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойя келісімшартқа қол қою үшін осы аптада «Канеломен» кездеседі.

Жекпе-жектің өткізілетін орны әзірге анықталған жоқ. Алайда, Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» және бірінші айқас өткізілген Лас-Вегастағы T-Mobile Arena жекпе-жекті өткізуге үміткер нысандар қатарында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер