русский язык
Футбол

Михаил Рожков: «Аяққа тұрғым келеді»

Михаил Рожков: «Аяққа тұрғым келеді»

Былтырғы жылдың желтоқсан айында жол апатына түскен Қазақстан Ұлттық құрамасы мен «Астана» командасының қорғаушысы Михаил Рожков «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне сұхбат беріп, хал-жағдайын айтып берді.

- Бүгінгі таңда денсауығыңыз қалай?

- Қалай десем, ақырындап қалпыма келе жатырмын – өмір сүруді жалғастырудамын, алайда футбол ойнай алмаймын. Жуырда жаттығуға кірісіп, қайта аяққа тұрғым келеді.

- Дәрігерлерге жиі барасыз ба?

- Қазір сирек барамын. Қолдарынан келгенін істеп көмегін берді. Ендігі ретте басқа жаққа жиі баруым керек – жаттығуларға (күліп).

- Мүмкіндігіңізше кәсіби спортқа оралуды ойластырып жүрген шығарсыз?

- Бұл сұрақта ең бастысы өзіме деген сенімділікті жоғалтпау. Өмірден алған сабағым – ұзақ жаттығып талмай еңбектенсең - жемісін көресің. Бұл жалғанда ештеңе кездейсоқтықтан болмайды. Тек ілгері жылжуды көздеймін.

- «Астана» сапындағы ойыншылардан кіммен араласасыз?

- Есімдерін атамай-ақ қояйын. Біреуімен жиі, кейбірімен ара-тұра дегендей. Айтпақшы, жалғыз «астанылықтармен» емес, жалпы жанкүйерлер танып жағдайымды сұрағанда марқайып қаламын. Сол үшін қайта оралып қуаныш сыйлағым келеді.

- Қазақстан чемпионаты мен Ұлттық құраманың ойындарын тамашалайсыз ба?

- Әлбетте! «Астаның» ойынында болдым, енді құрама матчын көрмекпін.

- Психологиялық тұрғыда әлсіреген жоқсыз ба?

- Ол күндер артта қалды. Кейде ойланып отырып құлазисың, бірақ амалым қанша. Тек еңбектену керек.

- Сіздің алаңға орлауыңызды күтіп жүргендерге не айтарыңыз бар?

- Тілектестеріме үлкен рақмет айтқым келеді. Мыңда бір алғыс! Жанкүйердің жылы лебізі жүрек түкпірін жылытып алаңға қайта оралуға итермелейді. Бірінші ретте алдарына кеп иілу үшін қайта оралуға тырысамын.

- Сіздің ойыңызша «Астананың» «Ботевтен» ойсырай ұтылуы неден болды?

- Команданың ішінді болмағандықтан жауап беруге қиналамын. Еурокубокта бірінші рет өнер көрсеткендіктен шығар. Бәрі алда. «Шахтерді» қараңыз, деңгеймізді қаншалықты көтергенін.

- Ойыншы ретіндегі карьераңызды қайда жалғастырғыңыз келеді?

- «Астанаға» оралуды армандаймын.

Қазақстан Ұлыттық құрамасына шақырту алсаңыз командаға ораласыз ба?

- Иә. Мұны талқылаудың өзі артық. Қазақстанның орны мен үшін бөлек.

-  Түсіңізде футбол ойнадыңыз ба?

- Сізге өтірік, маған шын, алайда мұндай түстер маған жиі кіреді.

- Отбасыңыздағы жағдай жақсы ма? Жақындарыңыз сүйемелдеп көмегін береген болар...

- Бәрі тамаша. Отабасының айрықша ерекшелігін енді түсінгендеймін. Кез келген қиындықты жанұямен бірге еңсеруге болатынын білдім.

- Үлкен спортқа орлау үшін қандай уәжіңіз бар?

- Футбол – менің өмірім. Сол себепті қайта оралам!

 

Автор: Руслан Сагадиев

Аударған: Қайсар Оқасов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;