TasBet01
Футбол

Чемпиондар лигасында чемодан толық ұтыста бол

Чемпиондар лигасында чемодан толық ұтыста бол
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін чемпиондар лигасы. Командалар топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізбек. Олай болса біз де бүгін болжам жасап, ұтыста қалуға тырысамыз.

«Бавария» - ПСЖ

Бірінші алатын ойынымыз «Бавария» мен ПСЖ арасындағы кездесу. Парижде өткен кездесуде ПСЖ 3-0 есебімен қарсыластарын есеңгіретіп салғаны әлі есімізде. Бүгін ол есептің қайталана қоюы екі талай. Дегенмен париждік команда голды қарша боратып жүр. Бүгін де екі гол соғуға тиіс. ПСЖ 1,5 көп дегенге тұп-тура 2 коэфицент беріп тұр екен. Біздің алғашқы таңдауымыз осы болмақ.

«Олимпиакос» - «Ювентус»

Туриндік команда топтан шығып тұр деп 99 пайыз сенімділікпен айта берсек болады. Грекиялық ұжым биыл біреуден ұпай алатын жағдайда емес. «Ювентустің» жеңісіне букмекерлер тек 1.45 беріп тұр екен. Бұл бізге аздық етеді. Сол себепті ойындағы жалпы тотол 2,5 көп деген 2,07 коэфиценті көңілімізден шығады.

«Селтик» - «Андерлехт»

«Селтик» өз үйінде керемет ойнайды. Сенбесеңіздер елордалық «Астана» клубының ойыншыларынан сұраңыз. Сондықтан жәй ғана «Селтиктің» жеңісі 1,88 коэфиценті тақиямызға тар келмейді.

«Барселона» - «Спортинг»

Каталондық ұжым соңғы кездері тең нәтижеден көз ашпай жүр. Алдымен «Ювентуспен» тең түссе, соңғы Испания біріншілігіндегі «Валенсия» және «Сельта» командаларымен ойында да жеңіске жетер жолды таба алмады. Дей тұрғанмен «Жыланды үш кессең де кесірткелік хәлі бар», бүгін олар Португалиядан келген команданы жеңуі тиіс. Жай ғана жеңіп қоймай -1,5 форасын шығаруы керек. 1.95 коэфиенті.

Барлығын қосып келіп жіберсеңіз 15 коэфицент шыға келеді. Бұл дегеніміз ақшаңызды он бес есе көбейтіп аласыз деген сөз.

Ескерту: басыңыздағы баспанаңызды он бес есе көбейтіп алуға кеңес бермейміз!!!

Қатаң ескерту: Бұл жай болжам, қатты беріліп кетпеңіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер