Criminals
Басқа

Ақтөбеде букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасалды

Ақтөбеде букмекерлік кеңсеге қарулы шабуыл жасалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазнетте қарулы шабуылдың видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Болжаммен шабуыл жасалған мекеме - букмекерлік кеңсе. Видеода бетперде киген үш адамның ғимаратқа баса-көктеп кіргенін көруге болады. Олардың қолдарында қаруға ұқсас зат болған. Осы кезде екі қыз үстелде ұйықтап отырған, ал залдың ішінде күзетші ұйықтап жатқан. Қаруланған адамдарды көрген күзетші бөлмеден қашып шығады. Шабуылшылардың бірі қыздар отырған үстелге барып, бір қызға соққы жасап, ақша беруін талап етеді. Кейінірек екінші қыз үстелде бар ақшаны қолына алады, алайда ер адам оның басынан ұрып, ақшаны қолынан жұлып алады.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі 29 қарашада түнгі 3:30 шамасында букмекерлік кеңсеге белгісіз үш адамның баса көктеп кіргенін айтты. Олардың бірі бетперде киген, ал екеуі - көзі ғана ашылған баскиімде болған.

«Қаруға ұқсас затпен қорқытып, олар қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассадан 200 мың теңге алып кетті. Сол уақытта ғимарат ішінде екі оператор-кассир (1994 жылғы және 1998 жылғы), сонымен қатар бір 1988 жылғы күзетші болған», - деді ІІД өкілдері. «Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігі («Қарақшылық шабуыл») бойынша жүргізіліп жатыр. Олардың кім екенін анықтау және ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр», - деді полиция өкілдері



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер