Футзал

Қазақстан Ираннан ұтылды

Қазақстан Ираннан ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

«Төрт ұлт» турнирі аясында Қазақстан мен Иран құрамалары кім мықтыны анықтады.

Ресей құрамасымен тең түскен жерлестеріміз бүгін Азия чемпиондарымен күш сынасты. Ирандықтар сапында барша қазақтандық жанкүйерлергге таныс алматылық «Қайрат» клубының ойыншысы Хоссейн Тайеби өнер көрсетті.

Айта кететін жайт, қос команда осымен бесінші рет кездесіп отыр. Сонау 1996 жылы Тегеранда Қазақстан футзал құрамасы бірініші ресми матчын өткізіп, ойысрай ұтылған. Аталмыш кездесу 2:14 есебімен аяқталды. 1998 жылы жерлестеріміз 4:7, ал араға екі жыл сала Азия чемпионатында 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Бангкокте өткен төртінші кездесуде отандастарымыз ирандықтармен тең (3:3)тарқасқан болатын.

Ал енді міне бесінші матчта Какау шәкіртттері қарсыластың үйінде кеткен есеені қайтармақ болды. Алайда, 4-ші минутта сол Тайеби тоғыздықты дәл көздеп, Игитаны қапы қалдырды.

Кездесуде ұтылып жатқан қазақстандықтар шабуылдарын күшейтті. Лео, Дугластар сәт туындаған сайын қақпаға соққы жасаумен болды. Нәтижесінде, Дугластың дәл соққысы голға айналды.

Ойындағы есеп теңіескен соң ирандық жанкүйерлер командасына қолдау көрсетіп, жерлестерін алға сүйреді. Нәтижесінде, екінші таймда Иран құрамасы басымдықты қолына алды. Алайда, жерлестеріміз Какау тактикасын сәтті орындап, сауатты қорғана білді. Игитаны жиі ойынға қосып, ойынды өз қолдарына алды. Көптеген жанкүйерлер ойында тең есеп тіркеледі деп күтті. Себебі кездесудің аяқталуына не бары алты секунд қалған еді. Бір уақытта күтпеген жерден Иран ойыншысы Исмаилипур сәтті соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 2:1.

Айта кетейік, соңғы турда жерлестеріміз бәрімізге «Қайраттағы» және ұлттық құрамадағы жұмысымен жақсы таныс Алесио жаттықтыратын Әзірбайжан құрамасмен күш сынасады. Матч 6 желтоқсан күні өтеді.

Екі турдан кейін Ресей – 4 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Иран - 4 ұпай. Ал Әзірбайжан мен Қазақстан біор ұпай еншілеп 3-4 орынды бөлісіп тұр.

Иран - Қазақстан - 2:1 (1:1)

Голдар: Тайеби 4 (1:0), Дуглас 14 (1:1), Исмаилипур 40 (1:2)

Ескертулер: Ахмади 21 - Дуглас 11

Иран: М.Мохаммади, С.Мохаммади – Хасанзаде (к), Исмаилипур, Ахмади, Тайеби, Рафие, Шаджири, Алиджадр, Джавид, Оладжоба, Оруджи, Сангсефиди, Аббаси

Қазақстан: Игита, Шамро – Жаманкулов, Лео, Есенаманов, Дуглас, Кнауб, Төреғазин, Сүлейменов (к), Першин, Таку, Тұрсағұлов, Акбаликов, Оразов

Фото Никита Басов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер