Теннис

Өтемұратов: Теннисті дамытуға 60 миллион долларымды салдым

Өтемұратов: Теннисті дамытуға 60 миллион долларымды салдым
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов елімізде теннисті дамыту үшін 60 миллион доллардан астам жеке қаржысын жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зарина Диасты 21 жасына дейін біз қаржыландырып, миллионнан астам доллар жұмсадық. Зарина өзі бұзып-жарып шықты, деп жатады. 14 жасында қарамағыма алдым және оны дамытуға жеке өзімнің милллионнан астам долларым шығындалды. Иығына ота жасағанда да мен қаржыландырдым. Қазір өзі де табыс табады», - деді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасы бүгінде әлемдік топта өнер көрсететіндігін, Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы аясында іс басындағы чемпион Аргентина құрамасын жеңгендігін атап өтіп, легионер теннисшілерге өз қалтасынан қаржы төлеп келгендігін айтып өтті.

«Легионерлер де менің есебімнен қаржыландырылды. Осы жылдардың ішінде теннисті дамытуға 60 миллионнан астам доллар салдым. Соңғы 4 жылда 30 пайыз бюджет қаржысы да салынуда. Ал қалған 70 пайызы жеке инвестиция», - деді Өтемұратов.

Теннис федерациясының президенті Александр Недовесов, Ярослава Шведова, Андрей Голубев, Михаил Кукушкин сынды теннисшілер Қазақстанға келгеннен кейін шеберліктерін шыңдап, халықаралық жарыстарға топ жарғандығын атап өтті.

«Біз оларға рахмет айтуымыз керек. Оларға Қазақстан ұнайды. Олардың әрқайсысының жанкүйерлері бар. Олар менің балаларым сияқты. Мен барлық теннисшілерді қадағалап отырамын, менің бақылауымда тұр. Біз барлығын да қаржыландырамыз», - деді теннис федерациясының президенті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер