Футзал

Қазақстан - Ресей. Драмаға толы матч

Қазақстан - Ресей. Драмаға толы матч
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасы «Төрт ұлт» турнирі аясында Ресейге қарсы алғашқы матчын өткізді.

Тартысты өткен кездесуде алты бірдей гол соғылды. Есепті бірінші таймның соңына қарай Шыңғыс Есенаманов ашқан. Бірақ көзді ашып-жұмғанша ресейлік ойыншылар таразы басын теңестіріп кетті. Көзге түскен Лысков болатын. Артынша Ниязов көзге түсіп, командасын есепте алға шығарды. Осылайша алғашқы тайм ресейліктердің пайдасына шешілді. Ойынның екінші бөлігі басталғаннан соң 6 минут өткенде Лео есепті 2:2-ге жеткізді. Дегенмен Ресей ойыншылары жауапты көп күттіре қойған жоқ. Абрамовтың дәл соққысымен Игитаның қақпасын дәл көздеді. Бір минут өткен Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео екінші голын соғып, командасын жеңілістен аман алып қалды. Қорытынды есеп 3:3.

Ертең, яғни 4 желтоқсан күні Какаудың шәкірттері жарыс қожайындары Иран құрамасына қарсы ойнады. Кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталады.

«Төрт ұлт» турнирі

Қазақстан - Ресей 3:3

Голдар: Лысков 17, Ниязов 19, Абрамов 29 - Есенаманов 16, Лео 26, 30

Қазақстан: Шамро (В), Игита (В), Кнауб, Тұрсағұлов, Акбаликов, Турегазин, Таку, Дуглас, Першин, Есенаманов, Сүлейменов, Лео, Жаманқұлов, Оразов.

Бас бапкер: Какау.

Ресей: Балашов (В), Путилов (В), Абрамов, Абрамович, Асадов, Батырев, Лысков, Ниязов, Шаяхметов, Милованов, Панкратов.

Бас бапкер: Сергей Скорович.

Казахстан расписал мировую с Россией

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер