Басқа

Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова қызыл кілеммен жүріп өтті

news-banner7
mobile-news-top

Кеше елордадағы «Хилтон Астана» қонақ үйінде ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесін» табыстады.

Биылғы жылы үздіктер интернет-дауыс беру арқылы анықталды. 2-28 қараша аралығында ҰОК-тың ресми сайтына 284 492 дауыс келіп түскен.

Үміткерлер арасында Қазақстан жеңіл атлетикасы федерациясы да болды. Біздің федерация «Олимпиадалық спорт түрі бойынша үздік федерация» номинациясында сынға түсті. Сондай-ақ «Жыл жаңалығы» және «Жылдың үздік жас спортшысы» бойынша үш қарғып секіруден Азия чемпионы Мария Овчинникова үздік төрттіктің қатарына енді.Ал Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» номинациясында бақ сынаған болатын.

Ұзақ уақыт «Жыл жаңалығы» номинациясында 19 жастағы теміртаулық Мария Овчинникова көшбастап тұрған болатын. Тек соңғы сәтте ғана садақ атудан ерлер құрамасы озып кетті. Садақ атушылар 1233, Овчинникова 1188 дауыс жинады.

Сонымен дауыс берудің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мыналар:

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы:

1. Алексей Луценко (велоспорт) – 21 506,

…5. Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) – 2 656

Олимпиадалық спорт түрі бойынша үздік федерация:

1. Қазақстан триатлон федерациясы –7696

...5. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы – 703

Жылдың үздік жас спортшысы:

1. Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау) – 4 076

…4. Мария Овчинникова (жеңіл атлетика) – 938

Жыл жаңалығы:

1. Садақ атудан ерлер құрамасы –1233

2. Мария Овчинникова (жеңіл атлетика) – 1188.

Салтанатты марапаттау рәсіміне жеңіл атлетика федерациясынан ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров, үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, көпсайыстан Афины Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов және жас атлет Мария Овчинникова қатысты.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер