русский язык
Футбол

Франк Рибери: «Алтын доп» маған бұйырады дегенге сенімдімін»

Франк Рибери: «Алтын доп» маған бұйырады дегенге сенімдімін»

Франция ұлттық құрамасы мен «Бавария» ФК жартылай қорғаушысы Франк Рибери «Алтын доптан» үмітті екенін жеткізді.

– Еуропаның үздік футболшысы атанғанымды қатту қуандым. Месси мен Роналдуны басып озу оңай шаруа емес. Енді артынша келесі сыйлықты ұтуға тырысамын.

-  «Алтын доп» сізге бұйырады дегенге сенесіз бе?

– Әрине! Былтырғы маусымда жақсы ойын өрнегін көрсеттім. Кәсіби шеберлігімді жанкүйерлерге де мамандарға да дәлелдедім. Жеңімпазды анықтауға аз уақыт қалды, сондықтан мен мақтанбай, масаттанбай өз жұмысымды жалғастыра беремін.

- Бакари Санья сізді Франция футболының үлгісіне балап жоғары бағалаған.

– Мен туралы жылы сөз айтқанына рақмет. Шынында да қазіргі уақытта құраманың жүгі маған артылған. Бірақ мен бұл міндетті абыроймен алып жүрмін деп ойлаймын, – деді Рибери.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;