Басқа

Монакода IAAF кеңесі өтті

news-banner7
mobile-news-top

26 қараша күні Монакода екі күнге жалғасқан IAAF Кеңесі аяқталды. Жиын барысында Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясын жарыстардан аластатуды әріқай ұзартуға шешім қабылданды.

Ресей спортшылары халықаралық ареналарда бейтарап түрде қатысып жүлдеге ілігуге мүмкіндіктері бар. Бірақ Ресей туын көтеріп, әнұранын орындай алмайды.

Кеңестің екінші күнінде Ресей жеңіл атлетика федерациясы туралы жұмыс тобының төрағасы Руне Андерсен баяндама жасады. Ол ресейліктерді жарыстарға қатыстыру үшін бес міндет қойылғанын айтты. Алайда тек соның ішінде тек біреуі ғана толық орындалған («Таза спортты» қолдау қозғалысы), екеуі жартылай орындалған (тестілеу қанағаттандырарлық және бапкерлерді алыстату мәселесін шешу), ал екеуі мүлдем орындалмаған (Ресей допинг агенттігін қайта қалыпқа келтіру және Маклареннің баяндамасын мойындау).

Сондықтан ресейлік атлеттер халықаралық аренада бейтарап түрде өнер көрсете алады. Ол үшін 2018 жылғы жарыстарға қатысу үшін әр спортшы жеке өтініш өткізу қажет.

IAAF Кеңесі одан бөлек, жартылай марафоннан 2020 жылғы әлем чемпионатын Польшаның Гдыня қаласында өткізу туралы шешім қабылдады. Спорттық жүрістен командалық әлем біріншілігін Беларусьтың астанасы Минск өткізеді.

Ал 2020 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатын қабылдауға Белград (Сербия), Нанкин (Қытай),Торунь (Польша) үміткер болған. Нәтижесінде қытайлықтар жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер