Басқа

Еуропа чемпионатында шығысқазақстандық спортшы киокушин кай-кан каратэдан жеңімпаз атанды

news-banner7
mobile-news-top

Румынияның Бухарест қаласында жалауы желбіреген XVI Еуропа чемпионатында шығысқазақстандық спортшы Диас Костубаев Киокушин кай-кан каратэ бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Сайысқа Еуропаның 22 елінен алдыңғы қатарлы спортшылар қатысты. Диас Костубаев 12-13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында, 40 келіге дейінгі салмақта Еуропа чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы атынан бұл чемпионатқа 15 спортшы барған болатын.

Шығыс өңірінен бір өзі аттанған жас спортшы барлығы 3 жекпе-жек өткізіп, барлық кездесуін сенімді ұтқан. Диас үшін жарыс қожайынымен өткізген алғашқы кездесуі қиынға соқты. Жартылай финалдық және финалдық жекпе-жегінде ресейлік спортшылардан айласын асырып, Диас тұғырдың ең биігін бағындырған.

«Бұл сайысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, 3 ай көлемінде дайындалдық. Дайындық барысында Диастың салмақты ұстап тұруы сәл қиынға соқты. Румынияға жеткенге дейін бұл жағы реттеліп, салмағы бірқалыпты болды. Қайткенмен де жарыс біз үшін сәтті аяқталып, үздік нәтижеге қол жеткіздік», - деді Шығыс Қазақстан облыстық киокушинкай-кан каратэ филиалының жетекшісі Руслан Алшымбаев.

Руслан Алшимбаевтың айтуынша, біраз күн тыныққан соң Диас алдағы күтіп тұрған халықаралық жарысқа дайындалатын болады.

Айта кетсек, Диас осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер