Басқа

Алматы қаласы «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» байқауын жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» байқауы аяқталды. Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Үздік спорттық өңір» номинациясының жеңімпазы атанды. Ұлттық спорттық байқауы қарашаның 28-і мәресіне жетті, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық хаб.

Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан өңірлерімен бірге «Үздік спорттық өңір» номинациясына қатысты (облыс, аудан және қала дене шынықтыру және спорт басқармалары). Байқау қорытындысы бойынша 75 865 дауыс жинаған Алматы қаласы бірінші орынды иеленді. Ал 74 862 дауыспен Оңтүстік Қазақстан облысы екінші орынға жайғаса, үздік үштікті Астана қаласы түйіндеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті «Хабар» агенттігімен бірлескен байқау осы жылдың қараша айының 7-і күні басталған болатын. Осы уақыт ішінде жүлдеге үміткерлерге 200 мыңнан астам дауыс берілді.

- 30 қарашада Астана қаласында «Ұлттық спорттық жүлде-2017» байқауының марапаттау рәсімі өтеді. Сонымен қатар, жылдың спорттық нәтижелерін қорытындылайды, - деп хабарлайды байқау ұйымдастырушылары.

Осылайша, «Үздік спорттық өңір» номинациясының жеңімпазы 2016 жылдың тамыз айынан бастап Дөңбаев Әбіл Бекетұлының басшылық етіп отырған Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасын жеңімпаз атанды.

Алматы әкімдігі спорт басқармасымен бірлесе отырып жылдың басынан Алматыда 2,5 мың спорттық шара өткізіліп, 400 мың адам қамтылған. Атап өтсек, осы жылды біз әлемнің 57 елінен 2,5 мыңнан астам делегаттың қатысуымен 28-ші қысқы Универсиада ойындарымен бастадық. Ел тарихындағы ең ауқымды спорттық дода болған Универсиаданың өтуіне

жалпы жұртшылық, спортшылар мен харықаралық сарапшылар оң бағасын берді. Сонымен қатар, «Алматы туры», «Әлем Барысы», Шымбұлақта өткен

«Тау және спорт фестивалі», «Ұлы дала ойындары», футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу және УЕФА кубогының төрттік финалы және т.б. өткізілді. Орталық Азияда ең ауқымды бұқаралық спорттық шаралардың бірі де бірегейі 20 мың адамның қатысуымен өткен «Алматы марафоны» болып табылады.

Өткен жылы бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында «Спорттық Алматы» жобасы іске қосылған. Осы жылдың басынан аталмыш бағдарлама аясында бұқаралық және спорттық мың шара ұйымдастырылып, жалпы, оларға жүз отыз бес мың қала тұрғыны қатысқан. Жылдан жылға спортпен шұғылданушылар саны өсіп келеді. Осы жылы іске қосылған "Спорт менің ауламда" жобасы аясында қазіргі таңда, 600 ауладан 75-і таңдап алынып, жұмыс істеуде және 6 аудан бойынша 6000 бала спортпен айналысады. Сонымен қатар, Алматы құрамасының республикалық кешенді шараларда көрсеткен нәтижелерін атап өткім келеді: осы жылы Алматы командасы IV Жастар ойындарында бірінші орынды иеленсе, сондай-ақ, 2016 жылы мектеп және колледж оқушылары арасында өткен Спартакиадада жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер