Футбол

Твумаси Бундеслигаға ауысуы мүмкін. Орнына «Уфадан» ойыншы келеді

Твумаси Бундеслигаға ауысуы мүмкін. Орнына «Уфадан» ойыншы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz-ке белгілі болғандай, Патрик Твумаси немесе Джуниор Кабананга елордалық клубтан кететін болса, «Астана» ресейлік «Уфаның» шабуылшысы Сильвестр Игбунды қатарына қоспақ.

Осы маусымда нигериялық ойыншы РФПЛ-да 17 матч өткізіп, 4 гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанған.Transfermarkt.de порталы оны 1,2 млн еуроға бағалап отыр.

«Астана» Твумаси мен Кабананганы қысқы трансферде сатып жіберуі мүмкін. Твумасиге «Селтик» пен «Бурсаспор» ғана емес, неміс Бундеслигасында ойнайтын «Штутгарт» пен «Байер» қызығып отыр. Ал Кабананганы норвегиялық «Русенборг» өз сапында көргісі келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер