Қысқы

Оңтүстік Кореяның бұрынғы спортшысы Қазақстанның намысын қорғайды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы спортшысы Қазақстанның намысын қорғайды
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның бұрынғы азаматы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ким Йонг А - Қазақстанның шорт-тректен әйелдер құрамасының спортшысы. Оны елімізге Қазақстан құрамасының жетекшісі болған бұрынғы жаттықтырушысы шақырған. Йонг А-ның Қазақстан азаматтығын алу шешіміне ата-анасы түсіністікпен қараған.

«Қазір қай ел ұнаса сол елдің азаматтығын алуға мүмкіндік бар. Спортшы ретінде арманыңа қол жеткізетін елде өмір сүру - өте керемет және бірегей бақыт. Қазақстан тұрғындары өте мейірімді және ауқатты тұратынын білемін. Үлкен аумағы да адамдарға еркіндік береді, әрі Кореямен салыстырғанда ол жақтың ауасы таза», - дейді Ким Йонг Аның әкесі Ким Джонг Гон.

Қазақстан құрамасында оған еліміздің даңқты қызы Әлия Молдағұлованың құрметіне орай Әлия деген есім берілген. Астанада тұрған үш жыл ішінде Ким Йонг А қазақтың тіл үйірер тағамдарын сүйсіне жеп, қазақ тілін үйренуді бастап кеткен.

«Қазақстанмен салыстырғанда Кореядағы мұз алаңдары әлдеқайда суық. Сондықтан да жаттығу жасаған қолайлы. Пхёнчханда менің бүкіл өмірім өтті, ауа-райын да жақсы білемін, ас-ауқаты да үйреншікті мен үшін. Сондықтан да осында өтетін олимпиадада жеңіске жетуге бар күш-жігерімді саламын», - деді шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі Ким Йонг А.

Айта кететін жайт, Ким Йонг А шорт-тректен әйелдер құрамасымен бірге олимпиада алдындағы жаттығуларын Оңтүстік Кореяда өткізетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер