Criminals
Футбол

Марадона қызының тұтқындалуын талап етуде

Марадона қызының тұтқындалуын талап етуде
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина құрамасының бұрынға шабуылшысы Диего Марадона қызының тұтқындалуын талап етуде. Бұл жайлы спортшының қорғаушысы мәлімдеді.

Әлемге әйгілі футболшының есепшотынан 80 миллион песо (шамамен 4,3 миллион доллар) жоғалған. Қорғаушының айтуынша, мұндай әрекетке футболшының қызы Джанинна Марадона барған.

«Бізде дәлел бар, Джаннина Уругвайда әр түрлі банк операцияларын жасаған. Оның банкта есепшоты мен активі жоқ. Джаннина заңсыз жолмен әкесінің ақшансын жымқырып, оның ізін жасырмақ болды. Алайда, қателікке бой алдырды. Оны қамауға алу қажет», — деді қорғаушы.

Айта кетейік, Марадона 1999 жылы Аргентинаның XX ғасырдағы үздік спортшысы атанған. Ал 2001 жылы ФИФА ұйымы тапанынан Марадонаға футбол тарихындағы үздік футболшы деген атақ берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер