Қысқы

Ресейдің 5 спортшысы Сочи Олимпиадасындағы медальдарынан айырылды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) Ресейдің тағы бес спортшысын 2014 жылғы Сочи олимпиадасы ойындарында еншілеген медальдарынан айырды.

Бұл туралы ТАСС Халықаралық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Халықаралық олимпиадалық комитет биатлоншылар - Ольга Вилухина мен Яна Романованы, бобслеисшілер - Алексейя Негодайло мен Дмитрий Труненковты және скелетонист Сергейя Чудиновты допингке қарсы ережені бұзды деп тапты.

Бұл спортшылардың Сочи олимпиадасы ойындарындағы нәтижелерінің күші жойылды. Бұған қоса оларға ХОК аясындағы жарыстарға қатысуға тыйым салынды.

Еске сала кетсек, Вилухина Сочиде екі күміс, Романова бір күміс олжалаған еді. Ал Негодайло мен Труненков алтын иеленген болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер