русский язык
Футбол

Үздіктер сүрінген күн. «Ақтөбе» «Ертістен» ұтылды

Үздіктер сүрінген күн. «Ақтөбе» «Ертістен» ұтылды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 25-ші туры аясында «Ертіс» пен «Ақтөбе» кездесті. Керекулітердің айқын басымдығымен өрбіген матч 4:0 есебімен аяқталды.

Алаң қожайындары алғашқы минуттардан шабуылдап Сидельников қақпасын нысанға алды. 10-шы минутта төреші «Ақтөбе» қақпасына пенальти орнатты. Стандартты мүлткісіз орындаған Бақаев есепті ашты. Бес минут өткенде Чичулин қақпашының өрескел қателігін пайдасына асырып есепті еселеді. Артынша «Ертіс» ойыншылары тағы екі доп аттандырды «Ақтөбе» қақпасына. Байсуфинов шәкірттерінің ренішін түсіне алмаған ақтөбеліктер еш жауап қайтара алмады. Ойын тағдыры бірінші таймда шешілді - 4:0. Екінші кезеңде көрермендер соғылған голдың куәсі бола алмады. Ірі есеппен жеңіске жеткен «Ертіс» «Қайратты» басып озып 4-і сатыда «Ордабасымен» қатар тұр.

Қазақстан чемпеионаты. Премьер-лига. 25-і тур.

«Ертіс»-«Ақтөбе» 4:0 (4:0)

Голдар: Бақаев 11, Чичулин 16, Шомко 35, Чернышов 44

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;