русский язык
Футбол

«Ордабасы» чемпионды ойсырата ұтты

«Ордабасы» чемпионды ойсырата ұтты

Қарағандылық "Шахтер" ел біріншілігінің 25-і турында шымкенттік "Ордабасыдан" ірі есеппен жеңілді.

Чемпиондар лигасында «Селтиктен» «таяқ жеген» Виктор Кумыков шәкірттері ашулы еді. Букмекерлер де чемпионның жеңісіне сенімді болған.

Ойынның алғашқы минуттарында-ақ қожайындар басымдығын байқатқан болатын, алтыншы минутта Мохамед Арури дәл соққымен есепті ашты - 1:0. «Шахтер» іске кірісіп допқа иелік етуге тырысты, алайда үзіліске дейін таразы басын теңестіре алмады.

Екінші таймының басында Азат Нұрғалиев айып алаңы маңында құйтырқы әдіспен екі бірдей қорғаушыны алдап өтіп допты «Шахтер» қақпасының бос бұрышына аттандырды. 58-ші минутта Азат тағы бір голды атына жаздырды - 3:0.

«Ордабасыдан» мұндай қарсылық күтпеген «Шахтер» сан соғып қалды. Шымкенттік капитан Қайрат Әшірбеков соңғы ысқырыққа он минут қалғанда кеншілер қақпасына төртінші допты аттандырып қорытынды есепті тіркеді – 4:0.

Жеңілісіне қарамастан қарағандылықтар турнирлік кестедегі үшінші орнын сақтап тұр, ал «Ордабасы» төртінші сатыға көтерілді.
 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 25-і тур.

«Ордабасы» - «Шахтер» - 4:0 (1:0)

Голдар: Арури 10, Нұрғалиев 55, 58, Әшірбеков 84.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;